• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №230

515 рет
көрсетілді

2015 жылғы 23 сәуір,  Астана қаласы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық  орналасуы қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 36) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары бекітілсін. 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр А.СӘРІНЖІПОВ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №230 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 36) тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде қарастырылған (бұдан әрі – штаттағы лауазымдар) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы тәртібін анықтайды. 2. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуы бос лауазым орыны бар жоғары оқу орнымен (бұдар әрі - жоо) жүзеге асырылады. 3. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуына тиісті бейіндері бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын (бұдан әрі – үлгілік біліктілік сипаттамалары) бекіту туралы» 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес адамдар жіберіледі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5750 тіркелген) Өнер, мәдениет және спорт саласындағы жоғары оқу орындарының қауымдастырылған профессорлар (доцент), профессорлар лауазымдарына орналасу конкурсына тиісті ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ осы мамандық бойынша танылғын жетістіктерге ие мамандар жіберіледі. 2. Конкурс туралы хабарландыру 4. Жоғары оқу орындарында профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымы болған жағдайда тиісті жоғары оқу орны құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырады. 5. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: 1) профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымының атауы; 2) жоғары оқу орнының орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, телефоны көрсетілген атауы; 3) құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні мен уақыты. 6. Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер (еркін нысанда) хабарландыру жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей беріледі. 3. Конкурстық комиссияны қалыптастыру 7. Профессор-оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына тағайындауға арналған конкурстық комиссияның (бұдан әрі – конкурстық комиссия) саны мен дербес құрамын және оның өкілеттік мерзімін жоғары оқу орны басшысы анықтайды. 8. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттері: 1) конкурсқа қатысу үшін барлығына бірдей теңдік мүмкіндігін беру; 2) конкурсқа қатысушылардың арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету; 3) әділдіктің сақталуына және конкурстың жариялы түрде өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру; 4) конкурстық комиссия отырысының кестесін анықтау; 5) конкурстық құжаттамаларға талдау жүргізу; 6) конкурстың қорытындысы бойынша шешім шығару болып табылады. 9. Конкурстық комиссия мына құрамда құрылады: 1) конкурстық комиссияның төрағасы – үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор); 2) конкурстық комиссиясы төрағасының орынбасары – құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе үлгілік біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкес, жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор); 3) конкурстық комиссияның хатшысы – жоғары оқу орнының штаттық қызметкері (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы бар); 4) құрамында кемінде үш адам бар конкурстық комиссия мүшелері (жоғары оқу орнының штаттық оқытушылары немесе ғылыми қызметкерлері арасынан, кадрлық қызметтің басшысы, заң кеңесшісі, кәсіподақ ұйымының өкілі). 4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау 10. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда). Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады: 1) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы; 2) өмірбаян; 3) жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары; 4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары; 5) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда); 6) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген); 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар және т.с.с.) бере алады. 5. Конкурсты өткізу тәртібі 11. Конкурс мына кезеңдерден тұрады: 1) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарға орналасуы үшін үміткерлердің өтінімдерін қарастыру; 2) үміткерлермен әңгімелесу өткізу; 3) конкурстың қорытындыларын шығару. 12. Жоғары оқу орны: 1) конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды; 2) конкурс өткізілетін күн мен орынды белгілейді; 3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды жүргізеді; 4) Комиссия отырысын ұйымдастырады. 13. Хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды табыс еткен азаматтар конкурсқа қатысушылар болып табылады. 14. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарына тағайындау конкурсы сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық есеп беру, авторлық әзірлемелерді қорғау, практикалық тапсырмалар нысанында үміткерлердің қызмет қорытындылары талдамалық жалпылау негізінде өткізіледі, бұл ретте кәсіби деңгейді анықтау үшін әрбір лауазым бойынша үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес білімдері тексеріледі. 15. Әңгімелесудің мақсаты бос лауазымға конкурс жариялаған нақты жоғары оқу орнының ерекшеліктерін, үлгілік біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады. 16. Бұдан кейін конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес, лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беру үшін осы лауазымға кандидатты бірыңғай бюллетеньге енгізу туралы шешім қабылдайды. 17. Дауыс беруші тұлға кандидатты қабылдауға келісетіндігін немесе келіспейтіндігін әр кандидаттың аты-жөнінің қасында жазылған «келісемін» немесе «келіспеймін» деген сөздерді белгілеу арқылы білдіреді. Конкурстық іріктеуде бір лауазымға екі және одан да көп үміткер қатысқан жағдайда, бюллетеньде бірде-бір аты-жөні сызылып тасталмаса, онда ол жарамсыз деп танылады. 18. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында конкурстық комиссия арасынан кемінде үш адамнан тұратын есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әр кандидатура бойынша берілген дауыстардың нәтижесін жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасын конкурстық комиссия бекітеді және конкурс материалдарына қосады. 19. Конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда, конкурстық комиссияның шешімі жарамды болып саналады. 20. Кандидат, егер оған комиссия құрамынан қатысып отырғандардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытындыға ие болады. Дауыс берген кезде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Жасырын дауыс беру арқылы қабылданған конкурстық комиссияның шешімі, егер ол осы Қағидаларды сақтау негізінде қабылданған болса, түбегейлі болып саналады. 21. Құпия дауыс берудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия әр бос лауазымға үміткер бойынша еңбек шартын жасау үшін «жоғары оқу орнының басшысына ұсынылады» немесе «жоғары оқу орнының басшысына ұсынылмайды» деген жазумен ұсынымдар дайындайды. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады 22. Еңбек шартын жасау 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, конкурстық комиссия отырысы аяқталғаннан және жоғары оқу орны ректорының шешімінен кейін жүргізіледі. 23. Профессор-оқытушылар құрамын және ғылыми қызметкерлерді лауазымдарға тағайындау конкурсының қорытындылары бойынша 3 жылға шарт жасалады. Әрекет ету мерзімі аяқталған соң, тараптардың келісімімен шарт ұзарту көзделмейді. 6. Шағымдану тәртібі 31. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімдерімен таныса алады. 32. Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар сот тәртібімен шағымдана алады. Жоғары оқу орындарының профессор – оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидасына қосымша Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беруге арналған бюллетень (үлгі) _______________________________________________________________________________________ (ЖОО атауы) Конкурстық комиссия (ректордың № ___ «__» _______ 20___ жылғы бұйрығымен бекітілді) 20___ жылғы «__» _______ отырыс. № ___ хаттама лауазым ________________________________________________________________________________ кафедра ________________________________________________________________________________ Факультет (Институт) ______________________________________________________________________ Жарияланған бірліктер саны ___________ № Үміткердің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайжа) Дауыс беру нәтижелері 1   Келісемін Келіспеймін 2   Келісемін Келіспеймін Ескертпе: 1. Аты-жөндері алфавиттік тәртіпте енгізіледі. 2. Кандидатураны «Жақтап» дауыс беру нәтижелері «Келіспеймін» сөзін сызып тастаумен, ал «Қарсы» дауыс берген жағдайда – «Келісемін» сөзін сызып тастаумен білдіріледі. 3. Комиссия мүшесі «Келісемін» деп дауыс берген кандидатура саны жарияланған бірлік санынан аспауы тиіс. 4. Аталған қағидаларды бұзу арқылы толтырылған бюллетень жарамсыз деп саналады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11122 болып енгізілді.